Материалы за 23.10.2023 » 126.alschool
Телефон директора:
+7(727) 243-14-04
Телефон завуча:
+7(707) 635-74-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 23.10.2023
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны челленжді
23
октябрь
2023
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны челленжді
№126 мамандандырылған лицейде Біз, қазақ халқы оны ұзақ уақыт аңсадық, арман тілегімізді ғасырлар бойы жырға қосып, тасқа қашадық. Күннен күн келді, аңсаған таң атты, тілегіміз қабыл болып, егемендік алдық. Жүрегімізбен жар салып, жер жаhаннан сүйінші сұрадық. Алдағы күннен сенім арттық. Бүкіл ел болып әр жетістігіне балаша қуандық, алар асуымыз алда. Сен мықтылардың қатарындасын. Шарықта, самға, Тәуелсіз Республикам менің!!! Тек алға!!! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны челленжді
Республика күні
23
октябрь
2023
Республика күні
Қазақстан – туған Отан алтын бақ,  Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат. Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан,  Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап. Қазақстан – көпті көрген қария,  Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік! 25-қазан Республика күні құтты болсын!
5-11 сынып оқушыларына арналған "Altyn Qalam" математикалық лингвистикалық олимпиадасының қалалық мектептер арасындағы жеңімпаздар!
23
октябрь
2023
5-11 сынып оқушыларына арналған "Altyn Qalam" математикалық
5-11 сынып оқушыларына арналған "Altyn Qalam" математикалық лингвистикалық олимпиадасының қалалық мектептер арасында 5 "В" сынып оқушысы Берікхан Нәби 1 орын,  8 "В" сынып оқушысы Жұмажан Аяжан 2 орын иеленді. Жеңімпаз оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
"Атамекен" қалалық патриоттық диктанты
23
октябрь
2023
"Атамекен" қалалық патриоттық диктанты
№126 мамандандырылған лицей оқушылары Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында "Атамекен" қалалық патриоттық диктант жазды. Мақсаты: Мемлекеттік ұлттық құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлілікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Отанын, туған елін, жерін сүйетін патриоттық рухани ұрпақ тәрбиелеу.