10
апрель
2025
Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!


Қазіргі таңда ғаламтор – білім алуға, қарым-қатынас жасауға және қызықты ақпараттармен танысуға таптырмас құрал. Алайда, интернетті дұрыс пайдаланбаса, ол қауіпті болуы мүмкін. Сол себепті ғаламторда қауіпсіз болу үшін келесі ережелерді есте сақтау қажет:
1. Жеке ақпаратты жариялама – аты-жөніңді, мекенжайыңды, телефоныңды, мектеп туралы мәліметтерді бейтаныс адамдармен бөліспе.
2. Бейтаныс адамдармен сөйлеспе – егер сен танымайтын адам хабарласса, оған жауап бермей, бұл туралы ата-анаңа немесе мұғалімге айт.
3. Күмәнді сілтемелерге өтпе – белгісіз сайттарға кірме, вирус жұқтырып алуың мүмкін.
4. Парольді құпия ұста – өзіңнің құпия сөзіңді ешкімге айтпа, тіпті достарыңа да.
5. Желіде сыпайы бол – басқа адамдарға дөрекі сөз жазба, біреуді ренжіту – кибербуллинг болып саналады.
Ғаламтор – егер оны дұрыс қолдансаң, сенің сенімді досыңа айналады. Ақпаратты тек ресми және сенімді көздерден іздеуді ұмытпа!

