15
август
2025
Ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы
«Бала жүрегі кішкентай күй сандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек» деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, бала бойындағы дарынды ашу кез келген адамның қолынан келмейтін іс, ол тек мұғалімнің ғана қолынан келеді.
Сондай-ақ, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білім алып шықпақшы», деп тұжырым жасаған болатын. Менің жұмыс жасайтын мекенім №126 мамандандырылған лицейді Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай білімді ұстаздармен, білікті басшылармен толыққан мектеп деп айтар едім. Соның айғағы ретінде жыл сайын мектебімізден бірнеше олимпиада жүлдегерлері, алтын белгі, үздік аттестат иегерлері шығып жатыр. Солардың қатарында менің оқушым Нарбай Ернар республикалық президенттік олимпиаданың жүлдегері. Алдағы уақытта да аянбай еңбек етіп, дарынды оқушылардың қатарын көбейтемін деген ойдамын.
№ 126 мамандандырылған лицейдің биология пәні мұғалімі Молдадосова Гүлмереке Жақсыбекқызы.