14
май
2026
*Ата-аналар назарына!* Алматы қаласы Әуезов ауданының «№126 мамандандырылған лицейі» КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты, соның ішінде 9 және 11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңы
*Ата-аналар назарына!*
Алматы қаласы Әуезов ауданының «№126 мамандандырылған лицейі» КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты, соның ішінде 9 және 11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
* Педагогикалық әдеп пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруге және қаржы жинауға қатаң тыйым салынады.
* Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарын сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
* Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
* Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға және қаражат жинауға тыйым салынады.
* Емтихан уақытында дастархан жаюға және сыйлық беруге қатаң түрде тыйым салынады.
* Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтау, тәртіпті әрі жауапты болу — әрбір оқушының міндеті.
*Ескерту:*
Аталған талаптар 9 және 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдеп пен академиялық тазалықты сақтау мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.