Қауіпсіз интернет » 126.alschool
Телефон директора:
+7(727) 243-14-04
Телефон завуча:
+7(707) 635-74-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз интернет
20
октябрь
2020

Қауіпсіз интернет

     2020 жылдың қазан айының  20  күні Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №126 мамандандырылған лицейінің педагог –психологі Т.Б. Құшыбектің  ұйымдастыруымен жоспардан тыс онлайн форматта ата-аналармен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты  оқушының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жиналыс өте жоғары деңгейде өтті. Жиналысқа   7-8 сынып ата-аналары қатысты.
     Жиналыста баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіретіндігін және ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде мүмкіндігі мол екендігі туралы, сонымен қатар балаларының ғаламтор желісінде еркін жүруіне жол бермеуі айтылды. 
     Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі әсіресе, баланың тіркелген YouTube каналына, «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударуға және сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап отыруға, «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес берілді.
Жиналыс соңы бір - біріне жылы лебіз білдірумен аяқталып , ата - аналар өз ризашылығын айтты.































Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: