15 мамыр - Отбасы күні » 126.alschool
Телефон директора:
+7(727) 243-14-04
Телефон завуча:
+7(707) 635-74-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр - Отбасы күні
15
май
2021

15 мамыр - Отбасы күні

,,Отан – қуат, отбасы – шуақ” деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған. Отбасы берекесі мен бірлігі арта берсін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: