17. 02. 2022 ж. Қарағанды қаласында «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезі » 126.alschool
Телефон директора:
+7(727) 243-14-04
Телефон завуча:
+7(707) 635-74-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 17. 02. 2022 ж. Қарағанды қаласында «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезі
17
февраль
2022

17. 02. 2022 ж. Қарағанды қаласында «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезі

17. 02. 2022 ж. Қарағанды қаласында 
«Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өтті.

Съезді ұйымдастырудың негізгі мақсаты – кәсіби біліктілігі жоғары педагогтардың әлеуетін «Математика» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.

Алматы қаласы делегациясының құрамында съезге №126 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері  Батанова Жанар Жұмабекқызы қатысты.

Съезд шешімі бойынша 3-6 сыныптарда математика пәнін барлық мектептерде бөліп оқыту қарастырылады. 
Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін бекітуге, қайталауға мүмкіндік беру мақсатында математика пәні бойынша мектеп бағдарламасы қайта қаралады, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін  көтерудің ұтымды әдістерін ұйымдастыру және олимпиадаға қатысуды саралау мәселелері де көтерілді.

Жанар Жұмабекқызы, жарқын болашағымыз үшін 
еңбектеніп жүрген сіздей ұстаздар көп болсын! 
Еңбегіңіз жана берсін! 
Алар асуларыңыз көп болсын! 
Тек биіктен көріне беріңіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: