Алматы қаласы Білім басқармасының
«№126 мамандандырылған лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-14-04
Оқу бөлімі:
+7(707) 635-74-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
26
июль
2022

Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.

Хабарландыру:      

Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Акцияның мақсаты:

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

№  126 мамандандырылған лицей бойынша +77474414643 нөмеріне хабарласып, толық ақпарат алуға болады.

Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызды шақырамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: