Информатика пәнінің онкүндігі
2023 жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласы, Әуезов ауданы "№126 мамандандырылған лицей" КММ-да "Информатика – жаңа технологиялар ғылымы" атты информатика пәні апталығының салтанатты ашылуы Бамблби трансформері мен өзге ғаламшарлық (Бамблби трансформер и инопланетянка) кейіпкерлердің қатысуымен өтті. Олар оқушыларға өте тамаша көңіл-күй сыйлады. Информатика сабағынан көптеген викториналық сұрақтар қойылып, жауап берген оқушыларға тәттілер, сыйлықтар берілді.