Іс-шаралар » Страница 10 » 126.alschool
Телефон директора:
+7(727) 243-14-04
Телефон завуча:
+7(707) 635-74-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 10
Алматы қаласы Әуезов аудандық “Айбын” әкери-спорттық ойындар өткізілді.
03
май
2023
Алматы қаласы Әуезов аудандық “Айбын” әкери-спорттық ойындар
Алматы қаласы Әуезов аудандық “Айбын” әскери-спорттық ойынында Атудан III орын жеңімпазы № 126 мамандандырылған лицейінің 10 “Б” сынып оқушысы Балтабай Ерболат және 10 “Ә” сынып оқушысы Ли Дана I орын жеңімпазы атанды. Жалпы қорғаныс плащын киюден II орын жеңімпазы Абылай Аблуссамат атанды. Жалпы 12 команда қатысып жүлделі 4 орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻
2023 жылдың 22 сәуірі күні №126 мамандандырылған лицей оқушылары өз ауласын және ықшам ауданының бөлініп берген аймақтарын 5-10 сынып аралықтарының оқушыларымен қатар мектеп мұғалімдері бірлесе отырып, "Қалалық сембілік" тазалық күнін өткізді.
22
апрель
2023
2023 жылдың 22 сәуірі күні №126 мамандандырылған лицей оқушылары өз
2023 жылдың 22 сәуірі күні №126 мамандандырылған лицей оқушылары өз ауласын және ықшам ауданының бөлініп берген аймақтарын 5-10 сынып аралықтарының оқушыларымен қатар мектеп мұғалімдері бірлесе отырып, "Қалалық сембілік" тазалық күнін өткізді. Мектебіміздің ауласын сыпырып, күл-қоқыстарын тазалап, ағаштардың түптерін ағартып жазды қарсы алуға ат салысты. "Қалалық сембілік" мектеп ұйымшылдығымен жақсы атқарып, өз мәресіне жеткізді.
№126 мамандандырылған лицейдің 5-11 сынып жетекшілері арасында сынып жетекшілер семинары болып өтті.
14
апрель
2023
№126 мамандандырылған лицейдің 5-11 сынып жетекшілері арасында сынып
№126 мамандандырылған лицейдің 5-11 сынып жетекшілері арасында сынып жетекшілер семинары болып өтті. Тақырыбы: «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі қандай?»Мақсаты: тәрбие үдерісінде жаңа форматты оқыту әдістерін тиімді, шебер қолдана білетін жаңашыл, шығармашыл сынып жетекшілерін қалыптастыру жолдарын көрсету; Ұйымдастырушылар: Директордың тірбие ісі жөніндегі орынбасары  Т.Е.Еркинова. Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Егемберді Назипа Егембердіқызы.
“Ғарыш әлемі”
11
апрель
2023
“Ғарыш әлемі”
Сынып сағатының тақырыбы: “Ғарыш әлемі” Сабақтың мақсаты: 1.Тәуелсіз еліміздің тұңғыш ғарышкерлері туралы кең түрде мағлұмат беру; 2.Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу; 3.Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру; ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру; сөздік қорларын молайту; ой - өрістерін, зейіндерін дамыту. 5 “Ә” сынып жетекшісі: Беркінбай Алуа Байзаққызы
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Бейбарыс сұлтанның ерлігі» атты тақырыпта өткізілген 8-11 сыныптардың  тәрбие сағаттарынан көрініс.
28
март
2023
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Бейбарыс
№126 мамандандырылған лицей оқушылары Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының тумасы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Бейбарыс сұлтанның ерлігі» атты тақырыпта өткізілген 8-11 сыныптардың  тәрбие сағаттарынан көрініс.
№126 мамандандырылған лицейдің 2023 жылғы түлектері Наурыз мерекесіне орай жылдағы дәстүр бойынша мектеп ауласына 3 түп шырша ағашын отырғызды
23
март
2023
№126 мамандандырылған лицейдің 2023 жылғы түлектері Наурыз мерекесіне
2023 жылдың 23-наурыз айында №126 мамандандырылған лицейдің 2023 жылғы түлектері Наурыз мерекесіне орай жылдағы дәстүр бойынша мектеп ауласына 3 түп шырша ағашын отырғызды.Бұл іс-шараға11-сыныптың ата-аналары және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеттінің «Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасының аға оқытушылары мен Шыныбеков Мұрат Кенжебекұлы ұрпаққа өнеге болсын деген мақсатта оқушылар мен ата-аналардың жанынан табылды. Мұрат Кенжебекұлына алғыс білдіреміз.