Алматы қаласы Білім басқармасының
«№126 мамандандырылған лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-14-04
Оқу бөлімі:
+7(707) 635-74-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 50
"Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ" тренинг
08
апрель
2022
"Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ" тренинг
"Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ" тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру. Tренинг жүргізушісі педогог-психолог Құшыбек Таңшолпан
,,Сұңғыла сөз” қалалық пікірсайыс турнирі
07
апрель
2022
,,Сұңғыла сөз” қалалық пікірсайыс турнирі
Алматы қаласы Білім басқармасының ,,Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  дебат қозғалысының үйлестірушілері мен жетекшілері арасында   ,,Сұңғыла сөз” қалалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. #126 мамандандырылған лицейдің дебат қозғалысының кординаторы Әлімхан Балымжан осы турнирде I дәрежелі дипломға ие болды. #126 мамандандырылған лицей ұжымы сізді жеңісіңізбен құттықтайды. Тек биіктен көріне беріңіз.
Нұрсұлтан қаласында ,,Alash өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық ,,Alash star” ,,Жұлдыздар жарқырайды” өнер байқауы
06
апрель
2022
Нұрсұлтан қаласында ,,Alash өнер орталығының ұйымдастыруымен
Нұрсұлтан қаласында ,,Alash өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық ,,Alash star” ,,Жұлдыздар жарқырайды” өнер байқауында көркем сөз номмнациясы бойынша 6-сынып оқушысы Алтынбекқызы Жанерке Іорынға ие болды. Жетекшісі Киізбаева Маржан. Құттықтаймыз!!!
«Bala Qorgau» – «balaqorgau»
17
март
2022
«Bala Qorgau» – «balaqorgau»
№126 мамандандырылған лицей оқушылары мен ата-аналарына «Менің Атамекенім» ҚБ-мен бірлесіп, Қазақстан оқушылары мен олардың ата-аналарына тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «Bala Qorgau» – «balaqorgau» веб-сайты жобасын іске қосылғаны туралы хабарламалар жасалынып, түсіндіру жүмыстары жүргізілді. Кіреберіс  тақтайшаларға QR код сканері ілінді.
Құрметті әріптестер, ата-аналармен оқушылар!
17
март
2022
Құрметті әріптестер, ата-аналармен оқушылар!
Наурыз мейрамы құтты болсын! Құрметті әріптестер, ата-аналармен оқушылар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 8-сынып оқушыларына көп рақмет.