«Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында
№126 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 23 қараша күні «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында Республикалық ашық сабақтар өткізілді. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мәңгілік өзгермейтін құндылықтар туралы әңгіме айтылады. Олар: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық және Қиянат жасамау. Тәрбие сағатының мақсаты – «бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету.