20 наурыз күні №126 мамандандырылған лицей оқушылары мен ұстаздарына "Құтты болсын, Әз-наурыз" атты кеш ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада мектеп мектеп оқушыларымен бірге ұстаздарда өз өнерлерін көрсетті.
18 наурыз - Ұлттық киім күні. “Ұлттық киім күні” - №126 мамандандырылған лицейімізде де ерекше бағалануда. "Ұлттық киімнің өзі - ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі." #Біртұтас_тәрбие. #Наурызнама
05.03.2024-15.03.2024 аралығында "Жер Ана - ортақ үйіміз, табиғат-тылсым жұмбағы. Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы!" тақырыбында Ғылыми-жаратылыстану пән кафедрасының он күндігі өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің онкүндігі жоспар бойынша 2024 жыл қаңтар айының 23 -3 ақпан күндер аралығында өткізілді. Тақырыбы: «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл»
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Алматы қаласындағы жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуы 23.02.2024 күні 10:00 де лицей қызметкерлері мен оқушылары толық қатысты. #төтеншежағдай #сейсмикалықжаттығу #126мамандандырылғанлицей