15 мамыр - Отбасы күні
,,Отан – қуат, отбасы – шуақ” деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр