Жыл басынан бері еліміздің оқушылары 12 халықаралық олимпиадаға қатысып, жоғары нәтижелерді көрсетіп келеді. » 126.alschool
Телефон директора:
+7(727) 243-14-04
Телефон завуча:
+7(707) 635-74-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыл басынан бері еліміздің оқушылары 12 халықаралық олимпиадаға қатысып, жоғары нәтижелерді көрсетіп келеді.
25
июль
2024

Жыл басынан бері еліміздің оқушылары 12 халықаралық олимпиадаға қатысып, жоғары нәтижелерді көрсетіп келеді.

сеп бойынша, Қазақстан құрама командасының қоржыны 270 медальмен толықтырылды, оның ішінде 25-алтын, 107– күміс, 138– қола медальдар.

Айта кетсек, Сингапурда, Қытайда және АҚШ-та робототехника бойынша халықаралық чемпионаттарда қазақстандық оқушылардың нәтижесі биылғы жылдың ерекше көрсеткіші болды. 

Сондай-ақ, Лос-Анджелесте өткен дүниежүзілік ғылыми және инженерлік көрмеде, Өзбекстандағы Авиценна атындағы халықаралық математикалық олимпиадада, Грузиядағы қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада оқушыларымыздың жақсы жаңалықтарына куә болдық. 

Ал Қытайдағы химия пәні бойынша халықаралық Менделеев олимпиадасында Қазақстан құрама командасы 100% нәтиже көрсетіп, Балқан түбегінің ең мықты жас математиктерінің үштігіне енді.

Оқушыларымыздың осындай жоғары нәтижелері мен жетістіктері  осы жылдың шілде айында Қазақстандағы биология бойынша ең беделді топ-7 әлемдік олимпиаданың  өткізуге себеп болды. IBO тарихында алғаш рет елордада өткен ең көп қатысушы елдер саны жиналды. Оның ішінде 81 елден келген 300 жас биологтар қатысты. Еліміздің құрамасы қазақстандық білім берудің жоғары халықаралық имиджін тағы да растап, 100% медальдық есепті көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: